Бір түйенің құмалағына қырық кісі тайып" жығылады.Бірнеше жауыздың қолымен істелген Ақтөбе мен Алматыдағы бүліктің кесірінен бүтін Исламға күйе жағып жатқандар көп. Айуандардың атқан оғынан гөрі, əлеуметтік желіде отырып алып жаулықты ару мен тып-тыныш бес уақыт намазын оқып жүрген жұртшылықты тілдеп, террористердің қатарына қосып жатқандардың сөзі жанға батады. Сондағы бар жазғаны, "жастар уланып қалды", "жастар уағызды көп айтып кетті" , "жастар жаппай адасты" . Көке, егер сен тура жолда болсаң, сенен кейін келе жатқан жас неге адасады? Сенің үйіңде Алланың сөзі сенің аузыңнан айтылып жатса, балаңның сырттан уағыз тыңдап несі бар? Сен адасқан адамды бірден танып, емдете алмайсың. Себебі өзіңнің діни сауатың жоқ, оған қызықпайсың да. Əбден іс насырға шауып, бір қазақ бір қазақтың қанын төгіп жатқанда айғайға аттан қосасың. Сенің ұстанғаң бар исламың, бейіттің жанынан өткенде көліктегі музыканың даусын басып қою. Біреудің жетісі мен қырқына барып палаткының астында күріш жеп "аумин" деп кету, жəй күні жаулық тақпай, құран оқығанда басыңа салфетканы қоя салу. Өзің дінге салғырт, Алла жайлы айтарың жоқ бейшара болған соң, рухани қорек іздеген албырт жастар, көрінгеннің айтқанына сеніп, арбауына түсіп көшеде мылтық ұстап "дін деген осы екен" деп жүр.Баланың денсаулығына дəрігер ғана жауапты емес, ата-анасы да жауапты. Дəл сол сияқты жастардың діни сауатына имамдар ғана емес, əрбір ата-ана жауапты екенін ұмытпаңыз. Жауапты болу үшін, сауатты болыңыз! Алла баршамызды тура жолға салсын! Кемшілік исламда емес, исламды дұрыс түсінбей жатқан мұсылмандарда!

Теги других блогов: терроризм Ислам құмалақ