Делфи деген бәлесі.
Заң барма, қазағыммен санасатын
Жоғалтып бара жатыр парасатын.
Қыздарға қазағымның әшекейі,
Бүрмел көйлегімен жарасатын.
Бүгінгі масқараны көрмеймісің,
Жалаңаш делфиде жүр қарашашың.
Заң барма намысыңды қорғайтұғын,
Мынандай масқаралар болмайтұғын.
Ата салт, дәстүріміз өрбісін деп,
Халықтың жан айқайын қолдайтұғын.
Делфиде жалаң жүрген албастылар,
Заңмен жауап беріп бір оңбайтұғын.
Алашымды азғырған надандарды,
Жасаттырмай солақай қадамдарды.
Заң бармекен дараға асатындай,
Ардан безген қитұрқы адамдарды.
Билік қайда қарауда таң қаламын,
Мұңымды көрмейтұғын жанардағы.
Қызың жалаң делфиде секеңдейді,
Ұлың қыз боп корейге жетемдейді.
Зар қақсап ақыл айтқан адамдарға,
Заманнан қалғансыңдар бекер дейді.
Ішімде өрт болатын бірақ нәрсе,
Бабалар төккен қаны өтелмейді.
Делфиің бар,тағыда селфиің бар,
Қазағым жаманатқа неге құмар.
Салтыңды қараңғыға қамап тастап,
Едірей қыз, бедірей ұлың тұрар.
Тоз болып болашақта не боласың,
Бүгінен ертеңгің тұр түнек мұнар.
Тіліңді орысша бір сүйреңдетіп,
Қазақи қасиетті күйден кетіп.
Тоқсан бір тірі өлік жігіттер жүр,
Қатын құсап белдерін түйреңдетіп.
Зар болар ертеңгі күн балаларың,
Бұзылып еліктеумен үйден кетіп.
Халықпен алысқанша биліктерім,
Парамен жарысқанша сүйріктерім.
Осындай бетпен кеткен сорлыларға,
Дұрыс болар едіме шүйліккенің.
Анау мынау сылтауды тоқтат билік,
Тұсаула мыналардың тірліктерін.
Ыбырайым НҮРПЕЙІС
"НАМЫСШЫЛ ЖАСТАР " - тобы.